2024 жылға облыстың автожолдарына 32 592 543,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде:
Облыстық жолдарды жөндеуге 12 705 661,0 мың теңге сомасында қаражат былайша бөлінді:
- күрделі жөндеуге-жергілікті бюджеттен 5 980 695,0 мың теңге;
- орташа жөндеуге-жергілікті бюджеттен 3 589 966,0 мың теңге;
- ағымдағы жөндеуге және ұстауға-жергілікті бюджеттен 3 135 000,0 мың теңге.
Аудандық жолдарды жөндеуге 19 886 882,0 мың теңге сомасында қаражат былайша бөлінді:
- автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға-жергілікті бюджеттен 138 442 мың теңге, республикалық бюджеттен 1 245 976 мың теңге;
- «ИШҚЗ» жобасы шеңберінде автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға - 1 657 230 мың теңге;
- орташа жөндеуге-жергілікті бюджеттен 10 598 121,0 мың теңге;
- көшелерді орташа жөндеуге-жергілікті бюджеттен 4 715 373,0 мың теңге;
- ағымдағы жөндеуге және ұстауға – жергілікті бюджеттен 1 531 740,0 мың теңге.