Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттiк қызметке кiру бойынша ақпарат

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi — Заң) қолданысқа енгiзiлдi.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттiк лауазымдарына алғаш рет түсетiн немесе мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн оған қайтадан кiретiн азаматтар мынадай iрiктеу кезеңдерiнен өтедi:

  1. уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен тесттен өту;
  2. уәкiлеттi органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерiн бағалату;
  3. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеудi ұйымдастыру және бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) бекiтiлдi.

«Б» корпусы мемлекеттiк лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеу (заңнаманы бiлуге арналған тестiлеу) Ережесiне сәйкес тестiлеу үш бағдарламадан тұрады.

Бiрiншi бағдарлама: 10 Заң, 130 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санының (145 сұрақ) 102 — тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша 5 — тен кем емес дұрыс жауаптар;

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ);
  2. «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (15 сұрақ);
  3. «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» (15 сұрақ);
  4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» (15 сұрақ);
  5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
  6. «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (15 сұрақ);
  7. «Құқықтық актiлер туралы» (15 сұрақ);
  8. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
  9. «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» (15 сұрақ);
  10. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).

Екiншi бағдарлама: 9 Заң, 105 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санының (130 сұрақ) 78 — тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша 5 — тен кем емес дұрыс жауаптар;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн бiлуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ);
  2. «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (15 сұрақ);
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» (15 сұрақ);
  4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
  5. «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (15 сұрақ);
  6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
  7. «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» (15 сұрақ);
  8. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» (15 сұрақ);
  9. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).

Үшiншi бағдарлама: 7 Заң, 85 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санының (100 сұрақ) 50 — тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша 5 — тен кем емес дұрыс жауаптар.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн бiлуге арналған тест (20 сұрақ);
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ);
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» (15 сұрақ);
  4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
  5. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» (15 сұрақ);
  6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
  7. «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» (15 сұрақ);
  8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).

Заңнаманы бiлуге арналған тестiлеуден өту барысында шектi мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың iшiнде автоматтандырылған жеке қасиеттерiн бағалау тестiлеуiне жiберiледi.

Автоматтандырылған жеке қасиеттерiн бағалау шеңберiнде кандидаттардың даму деңгейлерi анықталады: жiгерлiлiгi, коммуникативтiлiгi, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мiнез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы.

Заңнаманы бiлуге арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша сертификат, жеке қасиеттерiн бағалау нәтижелерi бойынша — қорытынды берiледi.

Олар бiр жыл iшiнде қолданылады және мемлекеттiк органдармен әңгiмелесу нысанында өткiзiлетiн үшiншi сатыға — жалпы конкурсқа қатысу үшiн құжаттардың ажырамас бөлiгi болып табылады.

Дата публикации
26 октября 2020
Дата обновления
26 октября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы