Мiндеттерi:
17. Функциялары:
1) автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желiсiн басқару;
4) облыстың коммуналдық меншiгiндегi жолдарды және жол кәсiпорындарын басқару;
5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
6) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн өтеусiз уақытша пайдалануға беру туралы шешiм дайындау;
7) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзiрлеу;
8) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртiбi мен шарттарын әзiрлеу;
9) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесiн) ақылы негiзде пайдалану туралы шешiм дайындау;
10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбiн әзiрлеу;
11) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүрiп өту үшiн ақы алу қағидаларын әзiрлеу;
12) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiн әзiрлеу;
13) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерiнiң атауларын әзiрлеу;
14) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
15) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
16) жолаушылар мен багажды тұрақты облысiшiлiк қалааралық тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
17) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келiсу;
18) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу;
19) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
20) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
21) жолаушыларды ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
23) халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаттарын беру;
24) жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмiмен қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық тексеру жүргiзу кестесiн жасау;
25) әуе көлiгiмен жолаушылар тасымалы, байланыс және пошта байланысы салаларында жұмыстарды ұйымдастыруда уәкiлеттi органмен өзара әрекет ету;
26) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
27) халықаралық және республикаiшiлiк қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргiзу;
28) облыстық маңызы бар жолдарда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерiнiң орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;
29) жолдарда жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды өзiрлейдi және iске асыру;
30) интеллектуалды көлiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге маманданушы ұйымдар құру;
31) жол-көлiк оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейiн азайту үшiн қолданылатын шаралар тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
32) жолдарда жол жүрiсiн қалпына келтiру үшiн жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жою;
33) қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көлiктiк жоспарлау және жол жүрiсiн ұйымдастыру бөлiмiнiң болуын қамтамасыз ету;
34) шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
35) шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алу;
36) мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды, құпия iс жүргiзудi сақтау жағдайларын қамтамасыз ету;
37) Басқарма бастығы бекiтетiн бақылау iс-шаралары жоспарына сәйкес Басқарманың iшкi бақылау қызметiнiң функцияларын орындау;
38) қызметтiк құжаттар мен азаматтардың өтiнiштерiне есеп жүргiзу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру;
39) Басқарма жүктелген мiндеттермен функцияларды орындау.