Аудан әкімінің Хмельницкий ауылдық округіне жұмыс сапары

Аудан әкімінің Хмельницкий ауылдық округіне жұмыс сапары

Аудан әкімі Ерлан Жаров Хмельницкий ауылдық округіне барып, әлеуметтік нысандарды жылумен қамтудың ағымдағы жағдайына баға берді. Іс-сапап барысында аудан әкімі шағын орталықтың, мектептің, қазандықтың және мәдениет үйінің жағдайын тексерді. Нысандардың техникалық жай — күйін, жылу жүйелерінің жұмысын, сондай-ақ білім беру және мәдени-көпшілік шаралардың өтетін жалпы жағдайларын тексерді.