
Бүгін, 2025 жылғы 13 қаңтарда аудан әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өткізілді. Аппараттық кеңеске ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында 2025 жылдың көктемінде су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу барысы, коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру, 2025 жылға арналған ауылдық округтерде мал қорымдары мен сою пункттерін салу, «Север-2025» аудандық қысқы спартакиадасын өткізу туралы мәселелер қаралды. Аппараттық кеңестің соңында нақты орындау мерзімдерімен бірқатар тапсырмалар берді.