Солтүстік-Қазақстан облысы және Петропавл қ. бойынша ауа райы болжамы
2024 жылғы 22 желтоқсаннан сағат 20-дан 23 желтоқсанға сағат 20-ға дейін
Көшпелі бұлтты, күндіз қар, жаяу бұрқасын.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 5-10, күндіз күші 9-14 м/с.
Ауа температурасы түнде және күндіз 4-6 градус аяз.
Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша ауа райы болжамы
2024 жылғы 22 желтоқсаннан сағат 20-дан 25 желтоқсанға сағат 20-ға дейін
2024 ж. 23 желтоқсанға ауа райы болжамы
Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында аздаған қар, күндіз қар. Облыстың оңтүстігінде, батысында, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.
Оңтүстік — батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с.
Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың шығысында 10 градус аяз.
Ауа температурасы күндіз 2-7 градус аяз.
2024 ж. 24 желтоқсанға ауа райы болжамы
Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын,күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.
Оңтүстік — шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с.
Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың шығысында 20 градус аяз.
Ауа температурасы күндіз 5-10 градус аяз.
2024 ж. 25 желтоқсанға ауа райы болжамы
Жауын — шашынсыз.Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с.
Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 23 градус аяз.
Ауа температурасы күндіз 7-12 градус аяз.
Директор К. Мергалимова