Үшжақты комиссияның отырысы

Үшжақты комиссияның отырысы
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанда Тимирязев ауданы әкімінің Міндетін атқарушысы
Р.Е. Рамазановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде: «Москворецкое» ЖШС кәсіпорнындағы еңбекақы бойынша қарыз мәселесі қаралды.
 
Аталған отырысқа Тимирязев ауданының прокуроры Е.Қ. Ыбраев қатысып, осы қарызды өндіріп алудың құқықтық нормаларын түсіндірді. Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы бойынша берешекті өтеу тетігі әзірленді. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынды.