
2024 жылғы 30 қарашада, Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары М.М. Жұмабаева мен аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Т.Т. Есдәулетов Мичурино және Докучаево ауылдарында салынған медициналық пункттерге барды. Олар атқарылған жұмыстардың сапасын, кабинеттердің жабдықталуын және жалпы медициналық пункт ғимаратын қарап шықты.