2024 жылғы 27 қарашада, Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазанов Тимирязев аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы С.Б. Құсайыновпен бірге Ақжан ауылында салынған медициналық пунктіне барды. Жүргізілген жұмыстардың сапасына, кабинеттердің жабдықталуына және жалпы медициналық пункттің ғимаратына тексеру жүргізілді.