Тағайындау

Тағайындау

2024 жылғы 8 қарашада, ауданымызға СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Габдуллин А.С. жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімдігі мәжіліс залында аудандық полиция бөлімінің бастығы — Тілеген Хайырбекұлы Әлжановтың ресми тағайындалуы өтті. Кездесуге мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері қатысты.

Сол күні аудан әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалған Раушан Едісқызы Мұстафинаны ұсынды, және басшысы алдына жұмыссыздық деңгейін төмендету, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және әлеуметтік бастамаларды тиімді іске асыру жөнінде бірқатар міндеттер қойды.