
Бүгін, 2024 жылғы 06 қарашада, аудан әкімдігінің ғимаратында «Қабылдаудың біріңғай күні» өтті. Қабылдау барысында мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға, мемлекеттік қызметшілердің жеке әлеуметтік желілерін жүргізуге қатысты сұрақтар қойылды. Тимирязев ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Р.Е. Рамазанов барлық сұрақтарға түсініктеме берді.