16 қазанда азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті

16 қазанда азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті

Бүгін, 2024 жылғы 16 қазанда, аудандық мәдениет үйінде азаматтарды Бірыңғай қабылдау өтті. Аудандық атқарушы, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бизнесті дамыту, абаттандыру, жолдарды жөндеу, жұмысқа орналастыру, медициналық сақтандыру, жер учаскесін ресімдеуге қатысты сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға түсініктемелер және ұсыныстар берілді.