
Бүгін Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстары өткізілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Тимирязев ауданының полиция бөлімінің ақпараттары тыңдалды. Сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл Р.Е. Рамазанов мемлекеттік қызметшілердің әдепті сақтауы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын адамдармен іс-шараларды іске асыру жөнінде түсіндірме әңгіме өткізілді.
Отырыстарды өткізу қорытындысы бойынша орындау үшін ұсынымдар берілді.