
Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров қарттар күніне арналған айлығы аясында Тимирязев ауданы Целинное ауылының аға буынын құттықтады. Осы ауылда қаңтар айында 88 жасқа толған Лидия Егоровна Каширина тұрады. Соғыс жылдарында Лидия Егоровна отбасымен бірге Қостанай облысына Пресногорьков ауданына Чапаев аулына жіберілді. 1956 жылы ол тұрмысқа шығып, Целинное ауылына көшті. Екі бала тәрбиелеп өсірді, екі немересі және үш шөбересі бар.
