
2024 жылғы 8 қазанда Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ.Жаров Есіл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарға ауданының 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму туралы есеп берді. Тұрғындарды жол жөндеу мәселелері қызықтырды. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.
Қарттар күніне арналған айлық аясында, биыл 96 жасқа толған ауылдың ұзақ өмір сүрушісі - Нағима Қожрақымқызы Жанжоловаға барды. Нағима Қожрақымқызы СҚО Сергеев ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. 1959 жылдан Есіл ауылында тұрады. Тыл еңбеккері, көп балалы ана, «Күміс алқа» алқасы бар. 7 бала тәрбиеледі. Оның 15 немересі және 21 шөбересі бар.