Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің мамандықтарыңыз жан-жақты. Сіздер әр жаңа ұрпаққа түрлі ғылымдарды үйретіп, білім бересіздер. Сіздер еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп, оларға ар-намыс, жақсылық және әділдік ұғымдарын бойына сіңіресіздер.
Бүгінде бәсекеге қабілеттілік, инновациялық жобалар мен озық оқыту технологияларын әзірлеу және қолдану мәселелері ерекше өткір тұрған кезде біздің мемлекет мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің оқу-әдістемелік базасын дамытуға, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қазіргі заманғы қолайлы жағдайлар жасауға барынша көңіл бөледі.
Осы тамаша мереке күні сіздерге мықты денсаулық, бақыт, сарқылмас күш-қуат және білімнің шыңына және шығармашылық өсімге қарай тұрақты алға жылжу тілеймін!
Құрметпен, аудан әкімі Ерлан Жаров