2024 жылғы 28 шілдеде Дзержинский ауылдық округі - 70 жылдығын атап өтті.
Тимирязев ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рүстем Елікбайұлы Рамазанов тұрғындар мен қонақтарды мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және өркендеу тілеп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан өлшеусіз үлестері үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыс етті. Мерей тойы құтты болсын!