Бүгін, Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров жұмыс сапарымен Хмельницкий ауылдық округіне барды. Осындай жұмыс түрлері жүргізілетін ауылдық клуб ғимаратының жөндеу барысын тексерді: терезелерді оқшаулау, қабырғалар мен төбелерді әктеу және тегістеу, кіру тобын, шатырды жөндеу, жылыту батареяларын ауыстыру, кәріз жүйесін ауыстыру.
Целинный ауылдық округінде ұзындығы 24 км. аудандық маңызы бар автожолдың жол төсемі жөнделуде, аудан әкімі жұмыстардың барысымен, сондай-ақ ауылдарды абаттандыру жөніндегі іс-шаралармен танысып, осы ауылдық округтердің әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.