Аудан әкімі аппараттық кеңес өткізді

Аудан әкімі аппараттық кеңес өткізді
Әкімдіктің үлкен залында Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық органдардың басшыларымен, ауылдық округтердің әкімдерімен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде жұмысқа орналастыру, оқу жылының қорытындысы, аудан аумағындағы жолдарды жөндеу барысы туралы мәселелер қаралды.
 
Сондай-ақ, ауылдық округтердің әкімдері елді мекендерді абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тыңдалды. Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті тапсырмалар берді.