Бүгін аудан әкімі Е.Қ.Жаров ауылдық округ әкімдерінің, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде жергілікті салықтарды жинау жоспарының орындалуы, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, жазғы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, ауылдарды абаттандыру мәселелері қаралды. Барлық сұрақтар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.