Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі

Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі

Ағымдағы жылдың 21 маусымда, мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Тимирязев ауданы әкімі Ерлан Жаров адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ, Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты ауданның полиция бөлімінің қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Судья мен сот жүйесі қызметкерінің күнін мерекелеу қарсаңында аудандық сот қызметкері Құрмет грамотасына ие болды.

Сондай-ақ бүгін ауданның мемлекеттік қызметшілерінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Аудан әкімі барлық мемлекеттік қызметкерлеріне зор денсаулық, кәсіби өсу және алға қойған міндеттеріңізге тиімділік тілейді.