Медицина қызметкерлері күніне арналған іс-шара

Медицина қызметкерлері күніне арналған іс-шара
Аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Ерлан Жаров құттықтау сөз сөйледі.
«Медицинаны өз кәсібімен таңдағандардың барлығына қиын міндет жүктелген – кез-келген қиындықтар мен жағдайларға қарамастан кәсіби міндеттерін орындай отырып, үнемі көмекке келуге дайын болу» - деді аудан әкімі.
Іс-шара барысында аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.