Бүгін, 1 маусымда Тимирязево ауылында балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өтті. Тимирязев ауданы әкімі Ерлан Жаров құттықтау сөз сөйледі.
«Біз оқуда, ғылыми және шығармашылық қызметте жоғары нәтижелер көрсететін, ең беделді жарыстарда, фестивальдар мен конкурстарда сенімді жеңістерге қол жеткізетін балаларымыздың таланттарын толық мақтан тұтамыз», - деді өз сөзінде Ерлан Қайырұлы.
Сондай-ақ, бүгін аудан әкімі Тихоновтар отбасына барып, Валерияны балаларды қорғау күнімен құттықтады. Оған денсаулық, тамаша оқу, бақытты балалық шақ тіледі.