Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеу құрметіне, бүгін аудандық мұражайда Тимирязев ауданының қызметкерлеріне арналған жиналыс өтті.
Аудан әкімі Ерлан Жаров ауданның мәдениет саласының қызметкерлеріне адал жемісті еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі, белсенді өмірлік ұстанымы, ауданның мәдени өмірін дамытуға шығармашылық көзқарасы үшін және мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеуге байланысты алғыс хаттар табыс етті. "Бұл шығармашылық мамандықтағы адамдардың кәсіби мерекесі, Тимирязев сахнасында біз шынайы таланттарды көреміз" - деді өз сөзінде аудан әкімі.