Аудан әкімінің қатысуымен аппараттық кеңес

Аудан әкімінің қатысуымен аппараттық кеңес
Бүгін, 2024 жылғы 20 мамырда, әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығыммен жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшыларымен, ауылдық округтердің әкімдерімен, құқық қорғау органдарымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
 
Күн тәртібінде: жылыту маусымына дайындық барысы, аудандық аурухананың іргелес аумағын абаттандыру жұмыстары, Тимирязев ауылдық округі бойынша қиын өңірлерден және қандастардан келген азаматтардың интеграциясын әлеуметтік бейімдеу бойынша Жол картасын іске асыру, ауылдарды абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ақжан және Дзержинский ауылдық округтерінің әкімдері сөз сөйледі.
 
Аудан әкімі жоғарыда аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.