Бүгін, 2024 жылғы 16 мамырда, аудан әкімі Ерлан Жаров Ленин және Есіл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесулерге ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары да қатысты. Ауылдық округтердің тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелер талқыладық.
Тұрғындар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу мәселелері көтерілді.
Барлық сұрақтарға түсініктеме берілді, бірқатар мәселер бақылауға алынды. Кездесулерден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізді.