"ARLAN" аудандық жабық кортында аудан әкімі Ерлан Жаровтың қатысуымен Тимирязев ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында Спартакиаданың ашылуы өтті. Жарыс спорттың 7 түрі бойынша өтті: шахмат, волейбол, үстел теннисі, гір спорты және т.б.
Біздің ауданда бұқаралық спортты дамыту үшін көп нәрсе жасалуда, 76 спорт ғимараты, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жабық хоккей корты жұмыс істейді, "Жастар" стадионына күрделі жөндеу жүргізілді.
Аудандық спортшылар облыстық, республикалық жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болады, бұл олардың спорттық шеберлігі мен кәсібилігін арттырады. Олардың қатарында Олеся Будкевич, Александр Степаненко, Татьяна Домащенко, Қанат Иманжанов және басқалар бар. Менің ойымша, бұл мемлекеттік қызметшілер біздің ауданның беделін әлі де көтереді" - деді өз сөзінде аудан әкімі.