Тимирязев ауданы әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Тимирязев ауданы әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
Қымбатты жерлестер! Құрметті Отан қорғаушылар!
 
Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтаймын!
Отан қорғаушылар күні елімізде ұлы күн - Жеңіс күні қарсаңында атап өтілуінің терең символдық мәні бар. Біздің жас армиямыз Ұлы Отан соғысы жылдарында батыл шайқасқан ата-бабаларымыздың даңқты дәстүрлерін жалғастыруда.
 
Отанға деген сүйіспеншілік, оның тағдыры үшін жауапкершілік, оны қорғауға кез келген сәтте дайын болу әрқашан маңызды құндылықтар болып қала береді. Отанды бейбіт уақытта қорғау - ата-бабаларымыздың даңқты дәстүрлерін құрметтей отырып, оның игілігі үшін адал еңбек ету.
 
Сіздерге, қымбатты жерлестерім, бақыт, бейбітшілік, игілік және бақ-береке тілеймін.
 
Тимирязев ауданының әкімі - Ерлан Жаров