29.04.2024ж. аудан әкімі Е. Қ. Жаров аппараттық кеңесі мен отырысын өткізді

29.04.2024ж. аудан әкімі Е. Қ. Жаров аппараттық кеңесі мен отырысын өткізді
     Бүгін, 2024 жылғы 29 сәуірде, аудан әкімі Е. Қ. Жаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. 2024 жылы мал жаюды ұйымдастыру, Ақжан, Москворецк және Целинный ауылдық округтерінде абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды.
 
   Аппараттық кеңес барысында аудан әкімі әкімнің орынбасарларына, ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына жетекшілік ететін бағыттар бойынша тиісті тапсырмалар берді.
 
    Сондай-ақ бүгін аудан әкімі әкімдік отырысын өткізді. Отырыстың күн тәртібінде аудан аумағында көктемгі дала жұмыстарына дайындық, орман және дала өрттерінің алдын алу және олармен күрес туралы сұрақтар қойылды.