2024 жылғы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі аппараты басшысының м.а. С.Г. Соболевскаяның төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді. Келесі мәселелер қарастырылды:
- Қызметтік этиканы мүлтіксіз сақтау туралы. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
- Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары туралы.
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті зерделеу.
- 2024 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бұзушылықтарды талдауды қарау.
- 2024 жылғы 1 тоқсандағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында есептерді талдау.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша хаттамалық ұсынымдар берілді.