
Бүгін, 25.04.2024 ж., аудан әкімі Ерлан Жаровтың Рассвет, Северное және Тимирязево ауылдарының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесулерде абаттандыру мәселелері көтерілді: жолдарды профильдеу, жарықтандыру, сумен жабдықтау. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді, бірқатар сұрақтар бақылауға алынды.