Бүгін, ағымдағы жылдың 18 наурызда әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңеске аумақтық органдардың, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Отырыс барысында баяндамалар жасалды: аудандағы су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық және жүзеге асырылу барысы туралы - төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.А.Қабдушев; ауданда Наурыз мейрамын мерекелеуге дайындық және іс-шараларды өткізу туралы, азаматтарды 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы - аудан әкімінің орынбасары М.М.Жұмабаева; мемлекеттік сатып алулар жөніндегі, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы аудан әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы - экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қожахметова Г.К.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі нақты орындау мерзімімен тапсырма берді.