Бүгін, 2024 жылғы 14 наурызда аудан әкімі Ерлан Жаров Дзержинский, Белоградов және Мичурин ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.
Аудан әкімі тұрғындарды 2023 жылғы ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2024 жылға арналған перспективалар туралы қысқаша баяндады. Кездесулер сындарлы диалогта өтті, оның барысында тұрғындар көшелерді қардан тазарту, абаттандыру, сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу мәселелерін көтерді.
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық аурухананың директоры.
М.Б. Жұмағалиев, полиция бөлімі бастығының орынбасары Б.А. Мусин, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л. А. Плотникова өз баяндамаларын жеткізді.
Барлық көтерілген сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.