Бүгін, 2024 жылғы 7 наурызда, аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі көпбалалы аналарға "Алтын алқа" алқаларымен марапаттады.
Адал еңбегі, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Aлғыс хаттары табыс етілді.
Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты.