
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шеңберінде Тимирязев ауданының әкімі Е.Жаровтың халықпен кездесулері өтті. Бүгін, ағымдағы жылдың 7 ақпанында аудан әкімі Е.Жаров Степное ауылы Құртай а/о және Дружба ауылы Интернационал а/о тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында аталған ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, қордаланған мәселелерді айтып, оларды шешу жолдарын белгіледі. Жоғарыда аталған ауылдардың тұрғындары тарапынан сауалдар қойылып, оларға түсініктемелер беріліп, шешу үшін тиісті мемлекеттік ұйымдарға тапсырмалар берілді.