Бүгін, ағымдағы жылдың 2 ақпаны аудандық мәдениет үйінде Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жарованың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің 2023 жылға арналған қызметінің қорытындылары және мемлекеттік қызметтің 2024 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген кеңес өтті.
Кездесуге Тимирязев ауданының барлық мемлекеттік қызметшілері шақырылды.
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы туралы» Әдеп жөніндегі уәкіл, аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Рамазанов; «2023 жылға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы және 2024 жылға ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында аудан әкімі аппаратының ақпараттық жүйелер және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бас инспекторы А.А.Махамбетова; «Облыс әкімінің және аудан әкімінің 2023 жылға арналған тапсырмаларының орындалуы туралы. Тапсырмалардың орындалу сапасын талдау» тақырыбында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Р.Е. Тлеуп; «Аудан әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және іс жүргізу мен мұрағат жұмысын жетілдіру», «2023 жылға арналған «Е-Оңтініш» жүйесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыстың қорытындысы туралы» жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Қаршалов Е.С.; «Мемлекеттік қызметшілердің еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды сақтауы туралы» аудан әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің басшысы А.А.Шовдина; «Жергілікті атқарушы органдардың құқықтық қызметін талдау туралы» аудан әкімі аппаратының заң кеңесшісі Б.Қ.Бектасова; «Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі туралы» м.а. аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары Жұмабаева М.М.; Декларацияларды тапсыру туралы ақпаратты Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы В.Б.Ищанова баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі нақты орындау мерзімімен тапсырма берді.