Аппараттық кеңес 22 қаңтар 2024ж.

Аппараттық кеңес 22 қаңтар 2024ж.

Бүгін, 22 қаңтарда әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде: 2024 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарының жұмысын ұйымдастыру туралы, ауылдық округтер бөлінісінде медициналық пункттердің санитарлық жағдайы туралы, 2024 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар туралы, ауылдық округтердегі қолайсыз отбасылармен жұмыс туралы сұрақтар қойылды. Тыңдаған мәселелерді шешу үшін аудан әкімі жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді