Аппараттық кенес

Аппараттық кенес

Бүгін, ағымдағы жылдың 15 қаңтарда әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аумақтық органдардың, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Кеңеске аумақтық, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Кеңес барысында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша ТЖ бөлімінің бастығы Ж. А. Қабдушев, аудан тұрғындарын құжаттандыру бойынша полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Р. С. Біржанов, орталық аудандық аурухананың директоры М. Б. Жұмағалиев ауылдық округтер бөлінісінде халықты скринингтеу бойынша баяндама жасады, Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Л. А. Плотникова және Карьер орталығының директоры А. Б. Құсайынова жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы 2024 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер туралы баяндады. Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі нақты орындау мерзімімен тапсырма берді.