Бүгін, 2024 жылғы 8 қаңтарда, Тимирязев ауданы әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңеске құқық қорғау органдарының, аумақтық органдардың, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері де қатысты.
Күн тәртібінде 2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу, 2023 жылға арналған бюджеттің атқарылуы, 2024 жылы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында іске асырылып жатқан жобалар, Докучаево ауылында 70 жылдыққа дайындық мәселелері қаралды. Аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша аудан әкімі нақты орындау мерзімімен тапсырма берді.