Аудан әкімі Ерлан Жаров Тимирязев ауданының қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтады

Аудан әкімі Ерлан Жаров Тимирязев ауданының қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтады

Бүгін а.ж. 15 қарашада әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Е.Қ. Жаров Тимирязев ауданының қаржы жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл мерекені ауданымыздың көптеген мамандары, мемлекеттік бюджет және салық саясатын іске асыруға, қаржыны басқару жүйесін нығайтуға күнделікті еңбекпен үлес қосатындар біріктіретінін Ерлан Қайырұлы өз құттықтауында айтты. Жоғары кәсібилігі, адал және тиімді жұмысы үшін аудан әкімі мерейтойлық медальдар, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.