Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтың қатысуымен аудандық актив жиналысы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтың қатысуымен аудандық актив жиналысы

2023 жылғы 7 қарашада әкімдіктің үлкен залында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі                Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтың қатысуымен Тимирязев ауданы активінің жиналысы өтті. 

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Е. Мәкенова өткен сайлаудың нәтижелерін жариялап, аудан әкімі Ерлан Жаровқа куәлік табыс етті.

Жиналысқа басқарма басшылары, ауданның құрметті азаматтары, облыстық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат депутаттары, аудан жұртшылығы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.