Әкімдіктің үлкен залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Е. Рамазановтың төрағалығымен жергілікті атқарушы, құқық қорғау, аумақтық органдардың қатысуымен аппараттық кеңес өткізілді.
Аппараттық кеңес барысында, көрнекі жарнама, жолдарды қысқы күтіп ұстау, Петропавл қаласында облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге дайындық мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, әкімдік отырысы өткізілді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, қарттарды әлеуметтік қолдау айлығының қорытындылары қаралды. Жиналыстар соңында Рүстем Елікбайұлы нақты тапсырмалар берді.