Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерінің күні

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерінің күні

Бүгін, 26.10.2023 ж. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні мерекелеу аясында, Тимирязев ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Рүстем Елікбайұлы Рамазанов жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Мансап орталығының, ауылдық округтер аппараттарының әлеуметтік қызметкерлерін құттықтады. Рүстем Елікбайұлы әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті, кәсіби қызметінде табыс тіледі.