Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің конкурс комиссиясының 2023 жылғы 16 қазандағы шешімімен, облыс әкімдігімен келісім бойынша Тимирязев ауданы әкімінің құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жедел мәселелері жөніндегі әкім орынбасары лауазымына Иманжанов Қанат Серікұлы тағайындалды.
Қанат Серікұлы 1985 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дружба ауылында дүниеге келген.
2007 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Тимирязев ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ бухгалтері болып бастаған. Ауыл әкімдігінде салық агентінің жұмыс тәжірибесі бар.
Осы тағайындауға дейін Тимирязев ауданының Интернационал ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.