Бүгін, а. ж. 19 қазанда кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы КТІҚҚК төрағасының орынбасары А. Т. Күзебаевтың басшылығымен өтті.
Отырысқа аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Р.С. Біржанов, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор С. Е. Кариева, Тимирязев ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамау туралы, ол баланың денсаулығына, тәрбиесіне, дене бітімі, ақыл-ойы, адамгершілік дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы қамқорлық көрсетпегенін білдіреді.
2) кәмелетке толмаған баланың мәртебесін анықтау және заңды өкіл қайтыс болғаннан кейін одан әрі орналастыру туралы.
3) әр түрлі.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудандық КТІҚҚК төрағасының орынбасары бірқатар тапсырмалар берді.