2022 жылғы 2 қаңтарда күшіне енген апостиль қоюдың жаңа Бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) апостиль қоюдың тәртібі мен шарттарын электрондық нысанда енгізді.
Апостиль қоюдың электрондық рәсімін енгізуге байланысты Қағидаларға ұғымдар енгізілді:
Электрондық құжат-ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Электрондық тіркелім-апостиль қойылған құжаттардың электрондық тізбесі;
Е-Апостиль ақпараттық жүйесі-құжаттарды тіркеуге және апостиль "мөртабанын" электронды түрде беруге арналған жүйе;
Электрондық құжаттардың бірыңғай мұрағаты ақпараттық жүйесі-құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстанның Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесі.
Электрондық форматта апостиль уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге апостильді қамтитын PDF файлы түрінде қойылады.
Электрондық апостиль қою үшін құжаттар электрондық түрде немесе құжаттардың түпнұсқаларын сканерлеу арқылы ұсынылады. Ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді. Апостиль қою үшін ұсынылған құжат құжатты қағаз тасығышта сканерлеу арқылы түпнұсқаға дәл сәйкес келуі тиіс (мәтінді түзетуге немесе өшіруге жол берілмейді).
Электрондық тіркелім қағаз түрінде де, электрондық форматта да берілген барлық апостильдердің мұрағатын көздейді.
Жаңа ережелердің күшіне енуімен 2001 жылы Әділет министрлігі бекіткен апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы алдыңғы ережелердің күші жойылды.
Тимирязев ауданының АХАТ бөлімінің басшысы
Құдайбергенова Әсел