Бүгін, 2023 жылғы 18 қыркүйекте әкімдік мәжіліс залында аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде аудан әкімінің ауылдық округ тұрғындарымен кездесулерінің тапсырмаларың орындалуы туралы мәселелер, Еңбек күнін мерекелеуде, қарттар күніне орайластырылған аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы берген тапсырмалары, үй өнімдерін сату-көрмесі. Кеңес соңында аудан әкімі нақты орындау мерзімімен тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, полиция бөлімінің бастығы Т.Б. Кенжетаев Тимирязев ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Руслан Семейханұлы Біржановты таныстырды.