Отбасылық старт - Отбасы күніне арналған спорттық іс-шара

Отбасылық старт - Отбасы күніне арналған спорттық іс-шара
 
Отбасы күніне жас отбасылар арасында спорттық іс-шара өтті.
7 отбасы, 7 эстафета 7 балдық жүйе бойынша бағаланып, мереке "7Я"деп аталды!
Ержүрек және мықты әкелер, сымбатты және әдемі аналар, Байбориевтер мен Оразалиндар Тимирязев ауылдық округі, Мичуринский ауылдық округынан Ташлык отбасысы , Дзержинский ауылдық округінен Оспановтар, Ақжан ауылдық округінен Паустьян, Ақсуат ауылдық округтерінен Циммерман және Комсомол ауылдық округінен Лабецкий отбасыларының тез әрі епті балалары жанкүйерлерге мереке мен толқу атмосферасын сыйлады. Балалар құлаудан да, кедергілерден де қорықпады, өйткені жақын жерде әкелерінің сенімді иығы мен анамларының мейірімді қолы болды.
Әділ қазылар алқасы Орлов Ю. Г. - спорт ардагері,
Шефер И. - волейболдан СШ және
Оканов С. - баскетболдан СШ.
1 орын-Оразалиндер отбасысы (ТЖББМГ),
2 орын - Байбориевтер отбасысы (ТМИ) және
3 орын-Лабецкий отбасына (Ақсчуат ОМ) бұйырды.
Спорт мерекесіне қатысушылар мен қонақтардың Отбасы күнімен аудан әкімі Ерлан Қайырұлы Жаров құттықтап, жеңімпаздарға медальдар, жарыстың барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар табыс етті. Қатысқаны үшін керемет отбасыларға алғыс айтамыз! Сіздің үйіңізде әрдайым жылулық, жайлылық болсын. Сіздерге денсаулық және ұзақ өмір тілейміз.