
21 маусымда аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Ерлан Жаровтың Тимирязево ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге аудан прокуроры, Жергілікті полиция қызметінің бастығы, аудандық мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық бөлімшелерінің басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты. Аудан әкімі ауданда атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындарды әлеуметтік сипаттағы мәселелер қызықтырды: жолдарды жөндеу, көше жарығын орнату, коммуналдық үйлердің аумағын абаттандыру және т.б. барлық сұрақтарға толық түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.