Бүгін, 11.05.2023 жылы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Рамазановтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1) Мемлекеттік органдарда мұрағаттық құжаттарды сақтау мен есепке алу ережесін сақтау және аудандық архивке өткізу
2) Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру туралы.
3) Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы.
4) Жастар саясатын жүзеге асыру туралы, волонтерлік ұйымның жұмысы туралы.
5) Жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстары туралы
Жедел кеңестің қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары нақты тапсырмалар берді.